Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан туысқан ағасы болып шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол көліктен түсіп үлгермеген кішкентай қызды итеріп, құлатып жібереді. Осы оқиғаны көшеде белгісіз біреу түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның кім екені анықталған. Ол оқушының туысқан ағасы болып шықты. Азамат құзырлы органға өз қылығын түсіндірген. Ешқандай арыз-шағым түспегендіктен іс қозғалмады.

Соңғы жаңалықтар