Ақтауда кірістер департаментінің орынбасары парамен ұсталды

None
None
  АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық кірістер департаменті басшысы орынбасарының 10 млн теңге парамен ұсталғаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары 10 млн теңге пара алып жатқандығы туралы жедел түсірілімнің видеосы пайда болды.

Жедел түсірілімді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фейсбук парақшасында жариялады.

Агенттік өкілдері мемлекеттік қызметшінің көлігін тексеру кезінде қағаз пакеттен 10 млн теңге көлеміндегі қаражатты табады.

Бұл оқиға өткен аптада тіркелген. Агенттіктің ресми өкілінің айтуынша, ұсталған департамент басшысының орынбасары салықты азайтып беру мақсатында 10 млн теңге талап еткен. Қазір пара берген және алған екі күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар