Ақтауда Каспиймаңы Мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық талқыланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жуырда Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмеков Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

Сапар аясында Түрікменстан елшісі Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті. Ресми кездесуде Каспиймаңы елдерінің Мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық, сондай-ақ Түрікменстан мен Қазақстан Президенттерінің шекаралық облыстардың өзара ықпалдастығын тереңдетуге қатысты тапсырмаларына орай, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесуде алдағы саммитте Түрікменстан Президентінің бастамасымен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі келісімдердің, Каспиймаңы елдерімен көлік ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі келісімдердің жобаларына қол қоюға дайындық жүріп жатқаны айтылды.

Шараға Маңғыстау облысы әкімдігі аппаратының басшысы А.К. Рзаханов пен баспасөз қызметінің басшысы С. Сүлеев қатысты.

Кездесу соңында Т. Көмеков «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-ға барып, жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар