+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Ақтауда кәсіпкер мониторинг тобының жұмысына кедергі келтірді

2021 жылғы 29 шілде 12:50
Бөлісіңіз:
Ақтауда кәсіпкер мониторинг тобының жұмысына кедергі келтірді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда кәсіпкер мониторингтік топтың жұмысына кедергі келтіріп, шу шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Рейд кезінде жарақат алғандар болды.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемиямен күрес штабы қызметкерлерге қатысты санитария талаптарын қолдады Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты БҚО-да шекарада карантин күшейді Әрбір бесінші мектепте санитарлық режим бұзылып отыр – Ералы Тоғжанов

Әкімдік қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және «Nur Otan» партиясының депутаттарымен бірлесіп, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау мақсатында 20 кәсіпкерлік нысанға рейд жүргізді. «Н2О» түнгі клубы, «Bad Toro» бары, «Ган-фан», «Сұлтан Паша» және «Алтын ғасыр»мейрамханалары тексеруден өткен жоқ. Себебі, бұл жердің әкімшілері мониторинг топ өкілдерімен жанжалдасып, шу шығарған.

«Мекемелер санитарлық дәрігердің қаулысын өрескел бұзған. Адамдар көп жиналған. Сондай-ақ маска режимі мен әлеуметтік қашықтық бұзылды. «Н2О» түнгі клубында кәсіпкер қарсылық көрсетті. Содан кейін депутаттар Ақтау қалалық мәслихаты депутаттарының денесіне зақым келтіргені және мүлкіне зиян келтіргені үшін мекеме әкімшілігіне ресми өтініш жазды», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік және полиция қызметкерлерімен қажетті фото және бейнематериалдар жиналып, актілер толтырылды.

«Біз қала тұрғындары мен кәсіпкерлерін барлық қажетті санитарлық нормаларды ұстануға және азаматтар алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сақтауға шақырамыз», - деп еске салды әкімдіктің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT