Ақтауда қаптамасы опырылып түскен үй жөнделіп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 15 күн бұрын қаптамасы сыпырылып түскен үй жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Ақтауда көпқабатты ғимараттың қасбеті құлап, газ құбыры бүлінгенін жазған болатынбыз.

Енді әкімдіктен бөлінген қаражат есебінен 169-үйдің сырты соңғы үлгідегі термопанельдермен қапталады. Қазір 16 жұмысшы құрылыс орнында күні-түні еңбек етуде. Жоспар бойынша 2 ай ішінде аяқталуы тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ажыратылған газ қайта қосылмай отыр. Сондықтан жұрт жұмыстың тезірек аяқталуын күтеді.

«Барлық көрші электр плитасын қолданып отыр. Жұмыстар 1-2 айдың арасында аяқталатынына қуаныштымыз. Бұйырса, әдемі үй болады деген үміттеміз», - деді мүлік иелері бірлестігінің басшысы Әлібек Дүйсен.

Үйді салған құрылыс мекемесінің басшыларымен комиссия құрылды. Тексерістен кейін ақауы бар жерлерді қайта жасау туралы шешім қабылданды.



Соңғы жаңалықтар