+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Ақтауда итбалықтарды емдеп, зерттейтін орталық ашылды

2019 жылғы 23 тамыз 15:57
Бөлісіңіз:
Ақтауда итбалықтарды емдеп, зерттейтін орталық ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауда Қазақстандағы алғашқы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін О рталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Каспий итбалығы ның популяциясы бойынша зерттеулер туралы мәлім етті.

«Итбалық – Каспий теңізі фаунасындағы теңіз сүтқоректілерінің жалғыз өкілі. Түрлі деректер бойынша , олардың саны 100 мыңнан аспайды және бұл көрсеткіш жыл сайын төмендеп барады», - деді ол.

Ерлан Нысанбаевтың ақпараты бойынша, «Сәби» қайырымдылық қоры «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-мен бірге 2019 жылдың 6 тамызында Ақтауда Қазақстандағы алғашқы Каспий итбалығын зерттеу және оңал т у орталығын ашты.

Орталықты құрудың негізгі мақсаты - жараланған және ауру итбалықтарды оңалдыру, сонымен қатар жағалаудағы елді мекендердің тұрғындары арасында түсіндіру, ғылыми-зерттеу, халықаралық ынтымақтастық, білім беру жұмыстарын жүргізу.

Ерлан Нысанбаев тың сөзінше, бүгінде Каспиймаңы мемлекеттерінің итбалықтардың саны бойынша зерттеулер інің нәтижелері а йтарлықтай ерекшеленеді. Сондықтан нақты материалдарды алу үшін бірыңғай әдістемелік тәсілдерге негізделген бірлескен зерттеулер ұйымдастыру қажет.

Еске салайық, 2019 жылы «NCOC N.V.» компаниясы мен Ресей ғылым академиясы А.Н.Северцов атындағы экология және эволюция мәселелері институты ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, 2023 жылға дейін Солтүстік Каспий аймағында Каспий итбалықтарын зерттеу бағдарламасы бекітілді.

Авторы Лаура Амантаева

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT