+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Ақтауда ірі мөлшердегі героин есірткісін ішегіне салып өткізбек болғандар сотталды

2020 жылғы 26 қыркүйек 04:18
Бөлісіңіз:
Ақтауда ірі мөлшердегі героин есірткісін ішегіне салып өткізбек болғандар сотталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ірі көлемдегі героинді ішегіне салып өткізбек болған ақтаулық үш тұрғын сотталды, деп хабарлайлы ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде даулардың 40 пайызы татуласу арқылы шешілуде 2021 жылдың 1 шілдесінен Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі Елімізде күніне 4,5 мың онлайн процесс өтіп жатыр - Жоғарғы сот төрағасы

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Ираннан «Героин» есірткісі контрабандасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған үш азаматқа үкім шықты. Үшеуі де 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Биыл қаңтарда «А», «Б», «В» есімді үш адам шекарадан өткізу және пайда табу мақсатында Иран Ислам Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі мөлшерде «Героин» есірткісін Ақтауға заңсыз тасымалдауға алдын ала уағдаласқан.

«Иранның Горган облысының Жалин ауылында 6 ақпанда сотталушы «А» есімі белгісіз адамнан 2000 долларға салмағы 899,44 грамм, 301 полиэтилен пакетке оралған героин сатып алды. Осыдан кейін сотталушылар «А», «Б», «В» есірткі заттарын жұтып, «Тегеран-Баку-Ақтау» бағыты бойынша ұшақпен ұшады. 10 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау департаментінің қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келген есірткі тасымалдаушыларды құрықтайды. Оларды компьютерлік томографиямен тексеру кезінде ішектері мен асқазандарынан героин табылып, тәркіленді», - делінген Маңғыстау облыстық сотының хабарламасында.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушылар ҚР ҚК 286-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды.

«Олардың әрқайсысына 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.


Қаракөз Марат


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT