Ақтауда Ираннан келген әйелдің пәтерінен 40 кг жуық есірткі табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Иран азаматшасынан 39 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінтіді.

Оның барысында жалпы салмағы 39 килограмды құрайтын «апиын» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды.

Ақтау қаласының тергеу соты күдіктінің қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.

Аталған факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.



Соңғы жаңалықтар