+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Ақтауда халықаралық инвесторлар апталығы өтті

2019 жылғы 1 қазан 21:15
Бөлісіңіз:
Ақтауда халықаралық инвесторлар апталығы өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда халықаралық инвесторлар апталығы аясында өңір кәсіпкерлері қаржылық біліктілігін арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы Корея елшісімен екі елдің сауда-саттық мәселесін талқылады Бәйтерек холдингі штат санын қысқартады

Аталмыш шара тұтынушылардың сұранысын арттыру, нарықта тиімді әдістерді пайдалану, инвестиция сауаттылығы және «Астана» қаржы орталығындағы бизнесті жүргізу шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Шара биыл Қазақстанның 6 қаласында ұйымдастырылды.

Ақтаудағы апталыққа «Астана» қаржы орталығынан арнайы келген өкілдер, 50-ден астам жергілікті кәсіпкерлер, жастар, Маңғыстау облысы әкімдігінің индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, аймақ басшысының орынбасары Н. Қилыбаев қатысты.

Сарапшы мамандар басқосуда түрлі тақырыпта лекциялар оқыды. Атап айтсақ, «АХҚО-на қалай мүше болуға болады», «Бизнес жүргізудің ерекшеліктері», «Исламдық қаржыландырудың болашағы мен мүмкіндіктері» т.б.

Мамандардың айтуынша, өз ісін дамытып, одан әрі мол табысқа жету үшін кәсіпкер мен инвестор арасында дұрыс көпір құрылу қажет.

«Бүгінгі Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлермен кездесу – халықаралық инвесторлар апталығымен орайластырылды. Кәсіпкерлерге өздерінің саласы бойынша, оның ішінде жасыл қаржыландыру, исламдық қаржыландыру әдістері үйретілді. Әрқайсысы қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды. «Астана« халықаралық қаржы орталығы үлкен жетістікке жетті. Былтыр ашылған кезінде дүние жүзіндегі 102 қаржы орталығының арасында рейтинг бойынша 88-орында болды, биыл 51-ші орынға көтерілді. Бұл да мемлекет тарапынан жасалынған үлкен саяси шешімдер нәтижесі»,-деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі басқарма төрағасының кеңесшісі Болатбек Қуандықов.

Болатбек Қуандықовтың айтуынша, биыл Маңғыстау облысы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығымен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылған. Соның нәтижесінде облысқа инвесторлар тартып, тікелей қаржы көздеріне қол жеткізу көзделіп отыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 840 шетелдік компания жұмыс істейді. Келер 2020 жылы 119 млрд теңгеге 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 1500-1700-дей жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

«Маңғыстаулық компаниялар «Астана« қаржы орталығына кіру үшін қойылған талаптарды орындау қажет,-дейді сарапшылар.

Тиімділігі сол, шетел компаниялармен жұмыс істеген кезнде сотқа жүгінетін жағдай болса не түсінбеушілік туындаған кезінде АХҚО-ның өзіндік халықаралық сот жүйесіне жүгіне алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT