Ақтауда есірткі заттарын сақтаған өзбекстандықтар қамауға алынды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда есірткі заттарын сақтаған Өзбекстан Республикасының бір топ азаматы ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оларды Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша қызметкерлері 21 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түсірген.

«Тексеру барысында салмағы 740 грамм болатын «мефедрон» есірткі заты мен 221 түйір тәркіленді. Ұсталғандардың бірінің жұмыс орнын тінту кезінде 200 грамм «мефедрон» және 10 грамм 20 дана «марка» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдіктілер есірткінің ірі партиясын сату мақсатымен орап дайындаған. Сондай-ақ, сатудан түскен қаржыны электронды түрде алып отырған», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар