Ақтауда ер адамның мәйіті судан табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық құтқарушылар ер адамның мәйітін тауып, шығарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құтқарушылар 24 тамыз күні сағат 19:23 шамасында Ақтаудағы бесінші шағын ауданындағы теңіз жағалауындағы судан ер адамның мәйітін тауып, шығарды. 2001 жылы туған жас жігіт Бейнеу ауданының тұрғыны екен. Туыстарының айтуынша, ол 23 тамызда үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне келмеген», - деді Бекболат Әбдіқадыров.

Қазір марқұмның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар