Ақтауда ер адамды мойнына бірнеше рет пышақ салып өлтірген жас жігіт ұсталды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Ақтауда 36 жастағы ер адамды мойнынан бірнеше рет пышақтап өлтірген адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 7 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында болған.

«Ақтау қаласының 29 «а» шағынауданында 23 жастағы жігіт төбелес кезінде жәбірленушінің мойнына бірнеше рет пышақ тыққан. 36 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды», деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар