Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 наурыз күні сағат 09:45 шамасында болған.

3 Б шағынауданында «Chevrolet Cruze» автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған «Chevrolet Lacetti» көлігіне соқтығысқан.

«Анықталғандай,»Chevrolet Cruze«жүргізушісі өзін жайсыз сезініп, жол-көлік оқиғасына жол берген. Алдын ала болжам бойынша, қозғалыс кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар