Ақтауда ер адам емхананың 6-қабатынан секірмек болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам №1 қалалық емхананың алтыншы қабатындағы терезеден секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абырой болғанда, полицейлер дер уақытында жетіп, оны құтқарып қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Оқиға 19 маусымда болған. Ер адамның әрекетін көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар байқаған. Куә болғандардың айтуынша, олар оны тыныштандыруға тырысқан.

«Полицияға шақырту сол жердегі куәгерлерден түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде жоғарыға көтерілу туралы шешім қабылданған. Ер адаммен сөйлесу арқылы, оны тыныштандырып, кері түсуге көндірдік. Қазір ол психиатриялық диспансерге жіберілді», - деді полициядан.

Соңғы жаңалықтар