Ақтауда ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда ер адам дүкенде тұрған сатушы әйелді буындырып, бірнеше рет басынан тепкен. Күдікті қолға түсті және істеген ісін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Ақтудың 3-ші шағынауданында азық-түлік дүкеніне жасалған шабуыл туралы видео тарады. Сыртқы бейнебақылау камераларына ер адамның дүкенге кірген сәтінен бастап, болған оқиға толықтай түсіп қалған. Ол дүкенге кірген соң, сатушы әйелдің қолынан тартып, оған қарсы буындыру әдісін қолданады. Әйел адам есінен танып қалған соң, күдікті оның басынан бірнеше тебеді.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің өкілдері қылмыстық әрекеттің 22 сәуірде, сағат 03:07-де болғанын хабарлады. Күдікті ізі суымай қолға түсті.

«102» кезекшілік бөліміне белгісіз ер адамның дүкен сатушысына күш қолдана отырып, қарақшылық шабуыл жасағаны туралы шақырту түсті. Күдікті дүкеннен ақша мен ұялы телефондарды алып кеткен. Қазіргі таңда күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторында жатыр. Ол істеген ісін мойынады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары дүкен сатушысының аман қалғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар