Ақтауда ер адам 2 әйелді пышақтап кетті: бірі қаза болды, екіншісінің жағдайы ауыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда белгісіз ер адам 5-шағынаудандағы үйлердің бірінде 2 әйел адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыс сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен 28-үйде тұратын әйелді пышақтап өлтіріп, сосын 2-қабатқа көтеріліп, екінші әйелді жаралаған.

МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ізін суытпай ұсталған. Ол 5-шағынауданда құрықталған.

«Күдікті ұсталды және қазір уақытша қамау изоляторында отыр. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша іс қозғалды» делінген хабарламада.

МО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, жарақат алған екінші әйел ауыр халде жатыр. Қабырғасы сынып, көкірек тұсынан жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар