Ақтауда электросамокаттарды жалға беру жобасы іске қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өңір тұрғындары мен қонақтары үшін электросамокаттарды жалға беру бойынша жаңа жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қосымша елімізде наурыз айынан бастап Алматы, ал, мамыр айында Нұр-Сұлтан қалаларында іске қосылған болатын. Енді жаңа жоба Ақтау қаласында да қолға алынып отыр.

Жалға алу қызметін тұрғындар «JET» қосымшасын смартфонға жүктеп алу арқылы жүзеге асыра алады.

Жобаның бірінші кезеңінде Ақтау қаласы аумағында самокаттарды жалға беруге арналған 15 тұрақ 100 самокатпен қамтылды. Тұрақта пайдалану ережелері мен QR-коды бар тақтайшалар орнатылған.

«Бүгінгі күні қала бойынша 100 самокат шығарылды, бағасы әр минутқа 35 теңге, сондай-ақ, сапардағы жазатайым оқиғадан сақтау мақсатында самокаттар GPS-пен жабдықталған. Жылдамдықты 25 км/сағ-тан асыруға мүмкіндік жоқ. Маусым айының соңына дейін самокаттар санын 300 данаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз»,- дейді компания өкілі М.Абелқасов.

Электросамокаттарды пайдалану ұтқыр қозғалыс, қолжетімді автотұрақ, сондай-ақ, бұл қалаішілік экологиялық таза көлік құралы ретінде тиімді болмақ.


Соңғы жаңалықтар