Ақтауда электр энергиясы толықтай қосылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Кешкі 16:00 шамасында Ақтау қаласындағы №7,25,26,27 жоғары вольтты ұяшықтарының жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындар толық қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Хамиевтың хабарлауынша, 1, 2, 3а, 3б, 4 шағынаудандағы ажыратылған электр желілері толықтай қалпына келтірілді.

Оның айтуынша, Атырау облысындағы күн райының қолайсыздығы электр энергиясының үзілуіне себеп болған.

«2021 жылдың 10 қаңтар күні 18:25 шамасында Атырау облысында күн райының қолайсыздығығынан «Индер-Атырау» қосалқы станцияларында апаттық жағдай орын алды. Бұл электр энергиясы жиілігінің төмендеуіне әкеліп, «KEGOC» желісінде пайда болған ақау салдарынан Ақтау қаласының 2, 3А, 3Б, 4 шағын аудандарында және Түпқараған ауданының елді мекендеріндегі кейбір нысандарында тоқ көзі уақытша ажыратылды», - деді ол.

Автоматика жұмысының нәтижесінде Маңғыстау мен Атырау облыстарының электр энергиясынан толықтай ажыратылуының алдын алды. Қазіргі сағатта екі облыстың аумағында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, кеше кешкісін Атырауда электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалғанын хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар