Ақтауда екі пәтер өртеніп, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы 11 шағынаудандағы 19-үйде екі пәтер өртеніп, 50 шақты тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт алдымен осы үйдің 4-қабатында сағат шамамен 13:15-те басталған. Жалын жоғарыдағы 5-ші қабаттағы пәтерге жайылған.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару жасағының хабарлауынша, өрт туралы хабарлама сағат 13:15-те түскен. Ал, 2-ге таман өрт сөндірілген. ⠀

«Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өртті сөндіру жұмыстарына 3 техника мен 10 құтқарушы жұмылдырылды. 50 адам көшірілді. Өрттің неден шыққаны белгісіз»,-деп хабарлады департаменттен.


Соңғы жаңалықтар