Ақтауда екі қабатты автобустар жүреді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда инвесторлар есебінен жаңа екі қабатты автобус сатып алынды. Әзірге ол жағалау мен курорттық нысандарды аралайды деп жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобустың биіктігі - 4 метр, сыйымдылығы - 67 орындық. Екінші қабат видеокамералармен жабдықталған. Еуропалық стандартқа сай жасалған.
«Негізгі мақсат - туристерге өлкенің әсемдігін өз көзімен көруге мүмкіндік жасау, экскурия ұйымдастыру. Қаладағы демалыс кешендерімен байланыс орнатудамыз. Бұл бір кештің ішінде қаламен танысып өту үшін жасалған тамаша мүмкіндік. Кәсіпкерлерден ұсыныстар болса, тағы да 2-3-ін әкелу жоспарда бар. Тіпті, облыс аумағында, елге танымал табиғи кешендерге, тарихи ескерткіштерге баруға болады»,-деді автобусты сатып алған мекеме өкілі Аслан Жағбалиев.
- Карантин: Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді
- Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді
- Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
- Тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған астаналықтарды тексеріп жатыр
-
Он жылдан аса пайдаланылған автобустар бастапқы тіркеуден өткізілмейді
-
Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті болмайды - Сенат
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам