Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді

2019 жылғы 14 шілде 06:28 72
Бөлісіңіз:

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 18-19 шілде күндері Ақтауда «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде дзюдодан Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілетін турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ресей және Испаниядан 250-ден аса татами шебері қатысады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпайлар қосылады. 1-орын алған спортшыға 100 ұпайдан берілсе, 2-орын алған жүлдегерге 60 ұпайдан, 3-орын иеленген дзюдошыға 40 ұпайдан қосылады.

Жарыс бағдарламасы:

18 шілде

Жарыстың басталуы – 10:00

Ерлер: - 60 кг, - 66 кг, - 73 кг

Әйелдер: - 48 кг, - 52 кг, - 57 кг, - 63 кг

Жарыстың ашылу салтанаты – 16:30

Ақтық белдесулер – 17:00

19 шілде

Жарыстың басталуы – 10:00

Ерлер: - 81 кг, - 90 кг, - 100 кг, +100 кг

Әйелдер: - 70 кг, - 78 кг, +78 кг

Ақтық белдесулер – 17:00

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Маңғыстау облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT