Ақтауда дүкенге келушілер дезинфекциялық туннельден өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда гипермаркетке келушілер бастан-аяқ дезинфекция жасайтын туннельден өтетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дина» гипермаркетінің әкімшілігі залалсыздандыру туннелінің жұмысын қала әкімінің орынбасары Серік Гусманға таныстырды. Арнайы құрылғы сауда орнының дәл алдына орнатылған. Оның жоғары жағында сұйықтық бүркіп тұрады. Кәсіпкердің айтуынша, осы арқылы дүкенге келушілер дезинфекцияланады.

«Аталған туннельдер Ақтау қаласының «Еңбек« РМК-да жасалды. «Дина« гипермаркеті бастаманы қолдап, ең алғашқы болып сатып алды. Өздеріңізге белгілі, шектеулер енгізілгенімен, азық-түлік дүкендері, дәріхана, банктер жұмыстарын жалғастырады. Сондықтан қалғандарын да осындай залалсыздандыру туннельдерін орналастыруға шақырамыз. Бұл, халықтың игілігі үшін, әрқайсымыздың денсаулығымыз үшін пайдалы», - деді қала әкімінің орынбасары Серік Гусман.




Соңғы жаңалықтар