Ақтауда директоры мен тәрбиешісі «төбелескен» балабақша уақытша жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасы қызметін уақытша тоқтатты. Оған себеп - бөбекжай директоры мен тәрбиешісінің бірін-бірі соққыға жықты деп айыптауы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қалалық білім беру бөлімінен мәлім еткендей, қазір балабақшада қызметтік тексеріс басталды.

Анықталғандай, тәрбиеші балаларға берілетін тағамның талапқа сай еместігін айтып, сөзінің дәлелі ретінде фото, видео түсірген. Кейін онысын әлеуметтік желіге жариялаған. Оның сөзіне сенсек, балаларға тамақ жеткіліксіз көлемде беріледі, бір төсекке 3 баладан жатқызылады. Мекеме қызметкерінің айтуынша, осы жазбадан кейін директор оны соққыға жыққан-мыс. Видео да ұсынған. Онда ол балабақшадағы заңсыздықты жариялағаны үшін зардап шеккенін жеткізеді.
null


null

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекеме жұмысын тоқтатқан. Болған оқиғаның мән-жайын комиссия анықтап жатыр. Екі жақ та құқыққорғау органдарына жүгінген. Факті бойынша полиция да тергеу жүргізе бастады.

«Айналайын» балабақшасы 2017 жылдың ақпан айынан бері қызмет атқарып келеді. Баланың орын саны - 40. Бүгінгі таңда үш жасқа дейінгі 33 бала тәрбиеленуде. Осы уақытқа дейін аталған балабақшаның тарапының үстінен ешқандай шағым түсіп көрген жоқ. Бірақ, бұл балабақша жұмыс жасағанымен, қалалық білім бөлімі тарапынан, яғни мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыс алып отырған жоқ. Инцидент бойынша құзырлы органдар өкілдерінен бірлескен комиссия құрылды. Бүгінгі күннен бастап балабақша қызметін тоқтатты», - деді Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Бағдат Тұрғанбаева.

Соңғы жаңалықтар