Ақтауда демалыс базасында ер адам мен қыз бала суға кетті

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Екі қайғылы оқиға бір-біріне жақын орналасқан демалыс орындарында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем ақпараты бойынша, «Монтажник» демалыс базасында кеше 11:47-де 14 жасар қыздың өлімі тіркелді.

Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орнында болды. Ер адам суға батып кеткен. Оның жасы 36-да болатын. 18:00-де қайтыс болғаны тіркелді. Желі пайдаланушыларының жазуынша, қайтыс болған ер адам – бес баланың әкесі.

Марқұмның екеуі де медицина қызметкерлері жеткенше өмірден өткен.


Соңғы жаңалықтар