Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Ақтауда дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан 3 келі шаш алды

2018 жылғы 26 шілде 15:08 186
Бөлісіңіз:
Ақтауда дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан 3 келі шаш алды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Облыстық балалар ауруханасының хирургтары 12 жасар Ақтау тұрғынының асқазанынан ұзындығы 35 см шаштан құралған шар алды. Оның салмағы - 3 келі 560 грамм. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Сұлтанбек Тумашев мәлім етті, деп хабарлайды lada.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Жаркентте полиция жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына оқ атты Португалиядағы автобус апаты: 28 адам қаза тапты

Хирургтың айтуынша, оның асқазанының барлығында шаш болған. Онда тамаққа орын қалмаған.

«Жалпы ақуыз деңгейінің төмен болуы және аяғының ісіп кетуінің салдарынан қызды ота жасауға  екі күн дайындаған. Маған Жәнібек Теміров көмекшілік еткен отаны ашық әдіспен жалпы наркоз арқылы жасадық. Асқазаны кеңейіп, кіші жамбасқа түсіп кеткен. Оның асқазанынан салмағы 3 келі 560 грамм және көлемі 35х13 см болатын шаштан құралған шар алдық. Асқазаны мен ішегін жуып, тіктік. 13 шілдеде болған ота сәтті өтті. Қазір науқастың тәбеті жақсы. Бүгін оны үйіне шығардық», - деп түсіндірді Сұлтанбек Тумашев.

Жасөспірімнің анасының айтуынша, қызы көп жылдан бері шашының ұшын жұтып келген. Соңғы екі-үш жылда жасөспірімнің жүрегі айнып, бозарып, арықтап жүрген. Бірақ, оның іші үлкейіп кеткен. Компьютерлік томографиялық зерттеу арқылы дәрігерлер оның асқазанынан шаштан құралған шарды тапқан.

Бұл хирургтың 33 жылдық тәжірибесінде тіркелген екінші оқиға екен. Ол осындай отаны алғаш рет 1987 жылы жетібайлық қызға жасаған. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT