+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақтауда дәрігерлер педофильден зорлық көрген қызды Астанаға әкелетін болып шешті

2016 жылғы 27 тамыз 04:15
Бөлісіңіз:
Ақтауда дәрігерлер педофильден зорлық көрген қызды Астанаға әкелетін болып шешті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауға елордалық Ана мен бала орталығының мамандары келді. Астана дәрігерлері қыз баланы қарап, оны Астанаға жеткізу туралы шешім қабылдады. Олардың айтуынша, қыздың жағдайы бұрынғыша ауыр, алайда төмендеу динамикасы байқалмайды, деп хабарлайды tumba.kz.

«Біз баланың сырқатнамасымен таныстық. Балаға диагноз қойылды. Оның өміріне төніп тұрған қауіп сақталуда. Ол есін әлі жиған жоқ. Оған ары қарай Ана мен бала орталығындағы жағдаймен яғни мамандандырылған көмек ала отырып емделу қажет», дейді Ана мен бала орталығының балалар анастезиолог-реаниматологы Болат Жұманиязов.

Бала әуе жолымен жеткізіледі.

«Біз дәрігерлік консилиум өткіздік. Докторлар емдеу жүргізуде осындай тактикалық әрекеттерді дұрыс деп тапты. Мамандар оны тасымалдау жауапкершілігін өз мойындарына алды», - деп атап өтті облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова.

Орталықтың дәрігерлері жансақтау бөлімінде жатқан басқа да балаларды қарап шығып, оларды емдеуге қатысты ұсынымдарын берді.

Еске сала кетсек, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT