+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Ақтауда далада 3 сағат күткен мониторинг тобы түнгі клубтың есігін бұзып кірді

2021 жылғы 2 тамыз 17:05
Бөлісіңіз:
Ақтауда далада 3 сағат күткен мониторинг тобы түнгі клубтың есігін бұзып кірді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда мониторинг тобының өкілдері түнгі клубтың есігін бұзып кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты 30 шілде мен 2 тамыз аралығында аймақтағы мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Түнгі рейд барысында бүгінге дейін бірнеше рет Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын өрескел бұзған «Н2О» түнгі клубы тексерілді.

Осы күнге дейін аталған орын тарапынан бірнеше мәрте заң бұзушылықтар орын алған болатын.

Мониторинг тобының мүшесі Анар Шамшадинованың айтуынша, осы клубта концерттың өтетіндігі жөнінде афиша тарап, ватсап желісі арқылы клуб ішіндегі видеолар келген.

Олар ғимаратқа барған кезде далада қатты музыканың дауысы естіліп тұрған.

Алайда, күзетшілер мониторинг топ мүшелерін ішке кіргізбей 3 сағат далада күтуге мәжбүр болған.

«31 шілде күні мониторинг тобымен бірге «Н2О» түнгі клубына бардық. Сол кезде есігі тарс жабық тұрды. Іште қатты ойнаған музыканың дауысы естілді. Қолмен ұстағанда есік дірілдеп, іштегі жайдан хабар беріп тұрды. Ең өкініштісі, клуб қызметкерлері мониторинг топ мүшелерін көре тұра, ешқандай жауап бермей, елемеуі - ұят нәрсе. Ең соңында құзырлы орган өкілдері келіп, құлыпты бұзуға тура келді. Себебі, мониторинг топ мүшелеріне іште көңіл көтеретін шаралардың өтіп жатқаны туралы хабарламалар келіп жатты. Алайда ішке кіргенімізде адамдарды көре аламадық. Олар біз сыртта тұрған уақыттың ішінде адамдарды жасырып, басқа есіктер арқылы қашырып жіберген. Біз «есікті неге ашпадыңыздар?» деп сұрағанда « естімедік» деп жауап берді. Біз 5 минут есік қағып, ашпағаннан кейін ғана құлыпты бұзған жоқпыз. 3 сағат есік алдында тұрғаннан кейін есікті бұзуға тура келді», - деді Анар Шамшадинова.

Айта кетейік, мониторинг топтары соңғы 3 тәулікте облыс бойынша 256 нысанға рейд жасады.

Нәтижесінде карантин талаптарын сақтамаған 57 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде 47 кәсіпкерлік нысан Ақтау қаласының аумағында орналасқан.

Айта кетейік, карантин талаптарын бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425 бабы бойынша жеке тұлғаға 40 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT