Ақтауда бұрынғы түрме басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық сотында ГМ-172/6 түзеу колониясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот анықтағандай, экс-басшы сотталғандардың туыстарынан ірі көлемде қаражат алған.

«ГМ-172/6 түзеу мекемесінің басшысы мен оның орынбасары жазасын өтеушілердің туыстарынан мәжбүрлі түрде ірі көлемде ақша жинап отырған»,- деп xабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот мәжілісінде айыпталушылардың қылмысы іс құжаттарымен және куәлердің келтірген мәліметтерімен дәлелденді.

Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Пара алу»), 3-тармағы, 1,2-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар