Ақтауда бұрынғы КВН ойыншысын өлтіргендерге қатысты үкім шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Осыдан 5 ай бұрын жолдастарының қолынан қаза тапқан Көңілді тапқырлар клубының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевтың өліміне қатысты кінәлілерге сот үкімі шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 20 маусымында Данияр Әлімбаевты өлтірді деген айыппен сотталушы С., Т. және Ш.-ға қатысты сот үкімі жарияланды.

Айыпталушы С. ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру) кінәлі деп танылып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы;

Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (суық қару қолданып бұзақылық жасау) кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы;

Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (суық қару қолданып бұзақылық жасау) кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылып, қайтыс болған азаматтың әйеліне С.-дан 3 млн теңге, Т.-дан 500 мың теңге, Ш.-дан 500 мың теңге моральдық зиян сомасы өндірілген.

Сол сияқты оқиға орнында төбелес салдарынан денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келген азаматтарға да қаражат берілді.

Айта кетейік, осыған дейін Данияр Әлімбаевтың пышақталып, қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Үкімге келіспеген тараптар 15 күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым не қарсылық келтіре алады.

Соңғы жаңалықтар