Ақтауда бозбала теңізге батып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының «Достар» жағажайында қайғылы оқиға болды. 2002 жылғы бозбала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысты Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 3 шілде күні болған. Құтқарушыларға шақырту кешкі сағат 20:10-дар шамасында түскен.

«Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының жедел құтқару жасағының қызметкерлері баланы судан алып шыққан соң, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Бірақ, алғашқы көмек көрсету кезінде бозбаланың бақилық болғаны белгілі болды», - дейді Ақтау қалалық ТЖБ басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Әбдіраш.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға кеткен. Оның 3-уі тыйым салынған аймақта суға түскен. 1 адам 4 шағын аудандағы теңіз жағалауында, 1 тұрғын «Шораә су арнасында, тағы бір адам облыс маңынан 63 шақырым қашықтықта орналасқан «Голубая бухта» деп аталатын аумақта суға батып кеткен. Жалпы, 2015 жылдан бері 18 адам мерт болды.

«6-уы 2015 жылы, 2 адам 2016 жылы, 8 адам 2017 жылы. Биыл 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаларға жасалған талдау тыйым салынған жерлерде және қауіпсіздік талаптарын ескерудің соңы қазаға соқтырғанын  көрсетті», - дейді ¤Нұрсұлтан Әбдіраш.

Соңғы жаңалықтар