Ақтауда бөтелкелесін буындырып өлтірген тұрғын сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ер адамдар бірге ішімдік ішіп отырып, сөзге келіспей қалған. Содан соң сотталушы танысын буындырып өлтірген. Бұл туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Лада.кз.

Оқиға 16 шағын ауданының «Таң самалы» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде болған. Сотталушы мен оның танысы сөзге келіспей қалып, арада кикілжің туындаған.

«Айыпкер танысын буындырып, соның салдарынан жәбірленуші  жан тапсырған, - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінде.

Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмысты (адам өлтіру) жасағаны үшін айыпты деп танылды. Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот өкімі заңдық күшіне енді.

 

 

Соңғы жаңалықтар