Ақтауда «Болашаққа сеніммен» жастар жиыны өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудың белсенді жастарының лагері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға өңірде белсенді болып жүрген 60-қа жуық жас қатысты. Лагерде қатысушылар арасында топтық рух қалыптастырып, кризистік ситуациялар шығу жолдарын іздестіріп, логикалық және сыни ойлау қабілетін арттыруға бағытталған «Жіптік» курсы, «Сұрақ-Жауап» инттелектуалды ойыны, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатындағы «64 квадрат» жаттығуы және тағы басқа спорттық ойындардан тұрған «Болашаққа бағдар: ойлан, ізден, тап» квесті ұйымдастырылды.

Өңірлік жастар лагері үш күнге созылды.

«Аталған жастар лагері – әрбір қатысушы жастың өзін-өзі дамыту қабілетін ашып, әлеуетін арттыру үшін ұйымдастырылып отыр. Лагерь бағдарламасы – бейресми өмір бойы білім алу арқылы дағдылар мен құзыреттердің өсуіне зор әсер ететіндігін ескерілді. Жастар лагеріне алғаш қатысып отырған, әртүрлі санаттағы жастардың басын қосқан ауқымды шарадан күтеріміз де, қатысушыларға береріміз көп болды»,-дейді Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек.

Жастар лагерінің қатысушыларына сертификаттар табысталды.





Соңғы жаңалықтар