Ақтауда бокстан Қазақстан біріншілігі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, чемпионатқа 198 боксшы қатысуда. Бес күннен соң Ақтау шаршы алаңында шын мықтылар анықталып, ұлттық құрама қайтадан жасақталады.

Осы орайда айта кетейік, АІВА бокстан Олимпиада жүлдесі сарапқа салынатын салмақ дәрежелерін азайтқаны белгілі. Бұдан былай төртжылдық додасында 8 салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек өтеді. Алайда, Қазақстан біріншілігіндегі кездесулер он салмақ бойынша өтуде.

Биыл төрешілер құрамы да жаңартылды. Біріншілікті әділ өткізу мақсатында «үш жұлдыз» деңгейіндегі шетелдік әділқазылар  Қазақстан чемпионатына шақыртылды. Олар күмән тудырған кездесулерде жеңімпазды анықтауға көмектеседі.

Ел чемпионатына ұлттық құрама мен «Астана арландары» сапында көзге түскен боксшылардың басым бөлігі қатысуда.

Атап айтар болсақ, әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев, Азия ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл, Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері Василий Левит, Азиада жүлдегері Асланбек Шымбергенов, Теміртас Жүсіпов, Бекдәулет Ибрагимов, Зәкір Сафиуллендер бар.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама капитаны Әділбек Ниязымбетов бокспен қош айтысты. Жақын арада команданың жаңа капитаны сайланады.

 

Соңғы жаңалықтар