Ақтауда бөгеліп қалған жолаушылар бүгін Анталияға ұшады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұшақтың бұзылуы салдарынан Ақтау әуежайында бөгеліп қалған жолаушылар кешкі сағат 23:00-де Анталияға ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы рейске жауапты компания директоры Талғат Жолдыбаев айтып берді. «Sunkar Air» басшысының айтуынша, бүгін әуе көлігінің қосалқы бөлшегі ұшақ жөндеуші мамандарға жеткізіледі. Ал сапарына кешіккен  жолаушылар үшін қосымша борт бөлінеді.

«Жолаушылар кеше сағат таңғы 7-де ұшуы тиіс еді. Ұшақтың бұзылуы салдарынан оларды әуежайда тамақтандырып, үйлеріне жеткізіп салдық. Бүгін кешкісін қайта осында әкелеміз. Демалыс уақыты қысқармайды. Яғни, олар Анталияда қосымша бір күн аялдап, Қазақстанға оралады», - дейді «Sunkar Air» компаниясының директоры Талғат Жолдыбаев. 

 

Соңғы жаңалықтар