Ақтауда бір-біріне пышақ салған екі жігіт ауруханаға жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында 11 қараша күні таңертең екі жігіт пышақтасып қалып, екеуі де жараланды, деп хабарлайды lada.kz.

Оқыс оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің дәрігер-ординаторы Есет Шахатбаевтың айтуынша, 11 қараша күні таңертеңгі сағат жетіде ауруханаға пышақ жарақаттарымен екі жігіт жеткізілген.

«Олардың біріне қазір ота жасалып жатыр, ал екіншісін отаға дайындау үстіндеміз», - деді ол.

Оқиға туралы қазірге толық мәлімет жоқ.

Соңғы жаңалықтар