Ақтауда билбордтардағы Тоқаевтың суреттері ауыстырылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында билбордтардағы ҚР Президенті Тоқаевтың суреттері басқа суреттерге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездескен болатын.

«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл - мүлде орынсыз, мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.

«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», - деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін Ақтауда билбордтардағы ҚР Президентінің бейнелері басқа суреттерге ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар