Ақтауда белгісіз біреулер үш күн бұрын орнатылған мүсіндерді қиратып кеткен

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Белгісіз біреулер қала саябақтарының біріне осыдан үш күн бұрын орнатылған мүсіндерді қиратып кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақтау әкімдігінің Facebook парақшасындағы хабарламаға сілтеме жасап.
«Ақбота» саябағында қаланы абаттандыру мақсатында ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері орнатылды. Алайда, белгісіз біреулер орнатылғанына үш күн ғана болған мүсіндерді қиратып кеткен. Қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша мүсіндер қалпына келтіріледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар