Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Қаланың 14-шағын ауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 тамыз күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынды», - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметінен.

11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген.

Айта кетсек, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жыл басынан бері бірнеше рет тіркелген итбалықтардың қырылу себебіне қатысты зерттеу қорытындысын таныстырған болатын.





Суреттер lada.kz сайтынан алынды


Соңғы жаңалықтар