Ақтауда әйелдің 7 қабаттан құлау фактісі тексеріліп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті әйел адамның 7 қабаттан құлап, қаза табуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«001 кодировкасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК-де «Тұлғаның өлуі» деген түсінік бар. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске қатысты басқа ештеңе айта алмаймын», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Шолпан Юлдашева.

Еске салайық, ТЖ Ақтау қаласында 25 шілде күні 14 мөлтекаудандағы 33 үйде болған. Жедел жәрдем және жедел медициналық көмек стансасына түнде, жергілікті уақытпен 01.24-де қоңырау түскен. Келген бригада сол жерде 1984 жылғы әйелдің қаза тапқанын растады.

Соңғы жаңалықтар