Ақтауда әйел адам көп қабатты үйден құлап, мерт болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда әйел адам көп қабатты үйден құлап, мерт болды. Қайғылы жағдай 13 шағынаудандағы 40-шы үйде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін, 28-ші қыркүйекте болған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция келген.

«Сағат 13:21-де «102» нөміріндегі кезекшіге 13 шағынауданды адамның үйдің төбесінен құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар