Ақтауда автотұрақта тұрған инкассатор көлігі жанып кетті

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда екінші деңгейлі банктердің біріне тиесілі инкассатор көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы уақытта болды.

«5 қазан күні, сағат 07:22 шамасында Ақтау қаласының 9-шағынауданындағы «HALYK BANK« ғимараты жанында орналасқан автотұрақта «ГАЗель» маркалы инкассатор көлігі жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт 07:37-де сөндірілді», - делінген баспасөз мәліметінде.

Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 7 маман мен 1 техника жұмылдырылған.



Фото:lada.kz




Соңғы жаңалықтар