Ақтауда автоорталықтың қызметкері жұмыс орнында асылып қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қосалқы бөлмеде асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған. «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтаудағы филиалының баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм орталықта бағбан болып жұмыс істеген. Ол жұмыстан тыс уақытта, яғни, жексенбі күні есікті іштен іліп алған.

«Ер адам есікті ішкі жағынан жауып, қосалқы бөлмеде асылып қалған.

«Оқиға жексенбі күні жұмыстан тыс уақытта болды. Суицидтің себебі бізге белгісіз. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз» делінген баспасөз хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар