Ақтауда автокөлік аударылып қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда автокөлік аударылып қалды. Оның жүргізушісі ауруханада жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 11 сәуір күні түсте 30-шағын ауданда болған.

Апат туралы ақпарат 102 кезекші пультіне 13:10-да келіп түскен. Оқиға орнына «Сұңқар-9» патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды.

Белгілі болғандай, «Toyota Alphard» минивэні басты жолда келе жатқан Opel Vectra көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан.

Зардап шеккен жүргізуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар