+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауда автобустағы жолақы 80 теңге болып қымбаттауы мүмкін

2019 жылғы 13 қараша 14:01
Бөлісіңіз:
Ақтауда автобустағы жолақы 80 теңге болып қымбаттауы мүмкін

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Ақтау қаласында қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы - 50 теңге. Ол - республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. 2020 жылы жаңа автобустар сатып алынғаннан кейін жолақы құнын 80 теңге көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылды

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының мәліметінше, 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жасалған, заманауи үлгідегі 18 автобус алынбақ.

Осыған орай, жол ақысын көтеру жоспарланып отыр.

«Жол ақысын көтермес бұрын, қоғамдық тыңдау өткізіп, қоғамдық кеңеске және мәслихатқа ұсынып, қолдау тапқан жағдайда жол ақы құны көтеріледі»,-дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев.

Ақтау қаласы бойынша жалпы саны 70-ке жуық автобус қызмет атқарады. Оның 20-ға жуығы - «Дэу», «Хуюндай», ал қалған бөлігі - «Паз» автобустары. Сонымен қатар, Ақтау қаласына Мұнайлы ауданынан №105-маршрут Ақтау-Маңғышлақ, №103- маршрут Ақтау-Қызылтөбе Ақтау-Қызыл төбе-2, Ақтау-Батыр, Ақтау-Баянды, Ақшұқыр ауылынан 70-ке тарта автобус қатынайды. Оның да басым бөлігі - «Паз» автобустары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT