Ақтауда автобус апатқа ұшырап екі адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды lada.kz.

Оқиға 27 мамыр күні шамамен сағат 15-20-лар кезінде болды.

«Біздің бригадамыз осы жол бойында болған апат орнына кетіп бара жатқан болатын. Кездейсоқ болған оқиғаны көріп, көмектесуге бел будық. Бұл сағат 15-30-дардың кезі болатын. Жеңіл көлікте отырған, 1975 және 1976 жылы туған екі адам зардап шекті. Медициналық тексеру кезінде олардың милары шайқалғандығы анықталды. Жалпы алғанда, олардың жағдайлары тұрақты. Екеуі де Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология бөліміне жеткізілді»,-деді Ақтаудағы Жедел жәрдем қызметі орталығының өкілдері.

Облыстық ауруханада медициналық тексеруден өткізіліп, алғашқы жәрдем көрсетілген соң зардап шеккендердің үйлеріне жіберлігендігі айтылады. Олардың жағдайлары дәрігерлердің айтуынша, қалыпты.

Соңғы жаңалықтар