Ақтауда ауруханадан қашқан 36 жастағы науқастың денесі табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 36 жастағы жігіт ауруханадан қашып кетті. Арада біраз уақыт өткенде аурухана маңынан науқастың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 маусым күні облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметімен 5-шағынауданнан науқас жеткізілген. 1983 жылы туған ер адам басының ауырғанын айтып, қос жамбасындағы жарақатқа шағымданған.

Тексеру кезінде дәрігерлер оның жағдайының бірқалыпты екенін айтқан. Науқас қойылған сұрақтарға жауап беріп, есінің дұрыс екенін көрсеткен. Кейін науқастың жамбасын қарағанда, ішкі бетінде жарақаттар болған. Кезекші травмотологтар және хирургтар алғашқы көмек көрсеткен. Кейін науқас сары аймаққа қан тапсыруға жіберілген.

Ол санитар маманмен бірге 6-қабатқа краниография жасауға барған. Қызметкердің айтуынша, науқас көз алдында қашып кеткен. Сөйтіп, оны жоғалтып алады.

Облыстық аурухананың қызметкерлері аурухананың ішін түгел іздестіріп шықты. Бірақ, таба алмады. Жағдай 102 қызметіне хабарланады. Сол күні сағат түскі 2-лер шамасында аурухананың аумағынан ер адамның денесі табылған. Қазір аталған іспен полиция айналысуда.

Соңғы жаңалықтар