Ақтауда әуе шеруі өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында 5 тамыз күні аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай әуе шеруі өтеді. Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникация орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шараға Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштері армия авиациясының тікұшақтары мен жойғыш ұшақтары қатысады. Әскери ұшқыштар жоғарғы пилотаж әдістерін орындап, өз шеберліктерін көрсетеді», - делінген ақпаратта.

Шеру Ақтау қаласындағы Амфитеатрда сағат 20:00-де басталады. Әскери шараны қала тұрғындары мен қонақтары теңіз жағалауынан тамашалай алады.

Ал, 3 тамыз күні әуе шеруіне дайындық болады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын авиацияның оқу-жаттығуы кезінде сабыр сақтауға шақырады.





Фото: www.lada.kz


Соңғы жаңалықтар