Ақтауда әскери қызметшіге оқ тиіп, қаза тапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда оқ тиген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 шілде күні сағат 15.00 шамасында 103 қызметіне шақырту түскен. Әскери бөлімнен шыққан көлікте оқ жарақатын алған қызметкер бар екені айтылған.

Жедел жәрдем бригадасы дереу шақырылған жерге қарай бет алған. Оларды «ҚазАзот» аймағында қарсы алып, әскери қызметшіні арбаға салып, жансақтау бөліміне жолдаған. Дәрігерлердің айтуынша, жараланған азаматты құтқару мүмкін болмаған.

Соңғы жаңалықтар