Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті
2022 жылғы 16 мамыр 12:31

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда патрульдік күзет қызметі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз әскерилер жиналатын орынға қайтып келмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 мамыр күні Ақтау қаласындағы 6656 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі патрульдік-күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімшеге қайтып келмеген.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2003 жылы туған. Қорғаныс істері жөніндегі департамент оны 2021 жылдың маусым айында әскерге шақыртқан.


Jańalyqtar

MURAǴAT