Ақтауда ас үйдегі краннан көгілдір су ақты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 5 шағынаудан тұрғыны салқын суды ашып, өз көзіне өзі сенбеген. Себебі, алдындағы краннан мөлдір емес, көк түсті су аққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғалған әйел суды бір банкаға толтырып алады. Оны тұрғын үй-пайдалану кеңсесіне апарады. Мамандар судың көк түске боялғанына «МАЭК» ЖШС жауап беретінін айтқан.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директорының кеңесшісі Қолғанат Нұржаубайұлының айтуынша, кәсіпорын қалаға суды мөлдір күйінде жеткізеді. «Көк түске айналуының себебін басқа жерден іздеу керек» дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар